«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні

«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні

Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2023 жылғы 29 қарашада "БЖЗҚ" АҚ ашық есік күнін өткізеді.           

Күннің басты тақырыбы: "Ұлттық қор-балаларға".

"Ұлттық қор – балаларға" әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік жобасының мақсаты қандай?

"Ұлттық қор-балаларға" жобасы қашан және қалай жүзеге асырылады?

Баланың бағдарламаға қатысуы үшін не істеу керек?

Балалар өз жинақтарын қалай және қандай мақсаттарға ала алады?

Жыл сайынғы түсімдердің сомасы қалай есептеледі?

Ата-аналар немесе заңды өкілдер баласының төлемдерін қайда және қалай бақылай алады?

Алғашқы қаражат балалардың шоттарына қашан түседі?

– осы және басқа да сұрақтарға БЖЗҚ қызметкерлері жауап беріп, қатысушыларға "Ұлттық қор - балаларға" жобасының мақсаты және оны қолжетімді әрі түсінікті түрде іске асыру тетігі туралы айтып береді.

Ашық есік күні 2023 жылғы 29 қарашада онлайн-форматта өтеді (10.00 с.; 12:00 с.; 15:00 с.).

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтемеге (https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09&omn=81461415615) өту керек, содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізу қажет: (678 781 1702) және event-кеңестің паролі: (1414).

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және Ашық есік күніне қатысуға барлық ниет білдірушілерді күтуде!