АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ауданда аудан әкімі А.Мангутов пен ауылдық округ әкімдерінің халықпен тұрақты есеп беру кездесулері басталды.
13 қарашада Жаңа курлус, Воскресенс және Варна ауылдық округтерінде тұрақты кездесулер өтті.
Кездесулерге аудан әкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Ауылдық округтердің әкімдері ағымдағы жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар мен таяу болашаққа арналған жоспарлар туралы хабардар еткеннен кейін тұрғындар атқарушы билікке өз сұрақтарын қоя алды. Олардың көпшілігіне А. Манғұтов бірден жауап берді, ал қалғандары бойынша - тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді.
Тұрақты кездесулерден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.
Халықпен тұрақты кездесулер жалғасуда.