Асайын Байханов Тереңкөл ауданының тұрғындарымен кездесті.

Асайын Байханов Тереңкөл ауданының тұрғындарымен кездесті.

Павлодар облысында тұрғындармен кеңейтілген форматтағы кездесулер жалғасып жатыр. Осы жолы Тереңкөл ауданының тұрғындары аймақ басшысына өз сауалдарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды. Кездесуден бір күн бұрын Асайын Байханов ауданның ауылдарын аралап, проблемалық нысандарды қарап шықты. Кездесуде облыс әкімі аудан
ішкі өнім, шағын кәсіпкерлікті дамыту және егіс алқаптарының көлемі бойынша екінші орында екенін атап өтті. Биыл егіс алқаптарының көлемі 307 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Мәдениет үйіндегі облыс әкімімен кездесуде жергілікті тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, жол және әлеуметтік нысандарды жөндеу мәселелерін көтерді.

Асайын Байханов әрбір сұраққа жауап берді. Әрбір мәселе бойынша түсініктемелер беріліп, бірқатары бақылауға алынды. Кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесудің тікелей эфирінің көрсетілімі Павлодар облысы әкімдігінің Instagdam әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында сақталған.