Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Ивановка ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Ивановка ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 14 мамырда Тереңкөл ауданының Ивановка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                    2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Тереңкөл ауданының Ивановка ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияның хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 472 азамат енгізілді, олардың 427-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған-9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Д.О. Абраев – 334;  Қ.Ш. Қайдаров – 58; М.Б. Құставлетова – 26.

1989 жылы туған Абраев Дәурен Орынбасарұлы Ивановка ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Тереңкөл ауылдық округінің Тереңкөл ауылында тұрады, «Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ әкімнің орынбасары, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 16 мамырдағы қаулымен Тереңкөл ауданының Ивановка ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді.

Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы