Сайлаушы қанша бюллетень алады?

Сайлаушы қанша бюллетень алады?

Облыстарда бес (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - төрт) сайлау бюллетеньдері болады.
🟦 Көк түсті - партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдер.
🟩 Жасыл – бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдер.
🟪 Күлгін – партиялық тізімдер бойынша облыс мәслихатының депутаттығына кандидаттарға дауыс беруге арналған бюллетеньдер.
🟧 Сарғыш бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша облыс мәслихатының депутаттығына кандидаттарға дауыс беру үшін.
⬛ Сұр бюллетень – бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша аудандық немесе қалалық мәслихаттың сайлауында дауыс беруге арналған.

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына арналған бюллетеньдерде «Бәріне қарсымын» деген баған болады.

Орталық сайлау комиссиясының сайтында барлық қалалар мен облыстардағы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың барлығы көрсетілген парақша бар https://www.election.gov.kz/rus/banners/index.php?section=itogi_registracii&ID=8239&v=mobile

Облыстардың сайттарында – мәслихат депутаттығына кандидаттар көрсетілген парақшалар бар https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/activities/27275?lang=ru&parentId=6306