Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар мен импорттаушылардың назарына Карантинге жатқызылған өнімді өткізу тәртібі

Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар мен импорттаушылардың назарына Карантинге жатқызылған өнімді өткізу тәртібі

Уәкілетті органдардың карантинге жатқызылған өнімді әкелу және шығару тәртібін бұзушылықтарды анықтауының жиілеуіне байланысты «ҚР АШМ АӨК МИК Тереңкөл аудандық АИ» ММ отандық өндірушілер мен экспорттаушылардың назарын ЕАЭО фитосанитариялық талаптарын сақтау қажеттілігіне аударады.

      Одақ құру мүше мемлекеттер арасындағы кедендік және басқа рәсімдерді жеңілдетуді көздейді. Алайда, ЕАЭО туралы «Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттама» шартына №12 қосымшаға сәйкес, Одақ шеңберінде мүше елдер арасында карантинге жатқызылған өнімді шығару және әкелу экспорттаушы тараптың фитосанитариялық сертификаты болған кезде ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» № 344 Заң Қазақстан Республикасының аумағына тұқым материалын, ауыл шаруашылығы, орман және өзге де өсімдіктер карантиніне жататын өнімдерді әкелуді, сондай – ақ елден тыс жерлерге шығаруды тек фитосанитариялық сертификат болған кезде регламенттейді, облысаралық тасымалдау-карантиндік сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      Фитосанитариялық сертификат беру рәсімі Мемлекеттік қызмет мәртебесіне ие, сондықтан бекітілген стандартқа сәйкес жүзеге асырылады. Қызметті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары қалалық, облыстық және аудандық буын көрсетеді (мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары АШМ интернет-ресурсында орналастырылған – www.minagri.gov.kz («қолдау және қызметтер» бөлімінде, «өсімдік шаруашылығы саласындағы қызметтер» кіші бөлімі). Өтінім көрсетілетін қызметті берушінің атына (аумақтық инспекция кеңсесі) немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz.веб-порталы арқылы беріледі.

      Аумақтық инспекцияға өтінім бергеннен кейін жауапты инспектор өтініш берушіні карантинге жатқызылған өнімді тексеру үшін ұсыну уақыты туралы хабардар етеді, портал арқылы берген кезде хабарлама пайдаланушының жеке кабинетіне түседі. Бұл карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін белгілеу мақсатында, қажет болған жағдайда өтініш берушінің қатысуымен үлгілерді іріктеп алу арқылы жасалады (карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда үлгілер фитосанитариялық сараптамаға жіберіледі). Тексеру нәтижелері бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі ал оның негізінде карантиндік сертификат ресімделеді.

 

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, өтінім нысандары, қызмет көрсету орындарының мекенжайлары, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, шағымдану тәртібі және т. б. бойынша толығырақ ақпарат «Карантинге жатқызылған өнімді ҚР шегінен тыс жерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында берілген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020732)

  Сондай-ақ, Кеден одағының кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 50 шешімінің мазмұнында) аумағында карантинге жатқызылған өнімнің келетін орны немесе жеткізілетін орны орналасқан импорттаушы Тараптың уәкілетті органдарының лауазымды адамдары межелі пунктке келгеннен кейін, карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізеді және экспорттаушы елдің фитосанитариялық сертификатының түпнұсқасын алады.

       Өнімнің меншік иесі карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы межелі мемлекеттің уәкілетті органын кез келген қолжетімді тәсілмен хабардар етуге және карантинге жатқызылған өнімді межелі жерде карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру үшін келу күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетуге міндетті.

Мәлімет үшін: ЕАЭО-ға мүше елдердің ұлттық заңнамаларына сәйкес фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз( https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235)

Қазақстан Республикасында карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда оны тәркілей отырып, жиырмадан бастап жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Қосымша ақпарат алу үшін «ҚР АШМ АӨК МИК Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы» ММ-не Байтұрсынов көшесі, 234, мекенжайы бойынша хабарласуға болады. тел.: (871833)24728

             

«ҚР АШМ АӨК МИК ТЕРЕҢКӨЛ ауданының АИ» ММ  басшысы