2023 жылғы 23 қаңтардан 23 ақпанға дейін прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу3 жарияланған.

2023 жылғы 23 қаңтардан 23 ақпанға дейін прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу3 жарияланған.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.
2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.
3. Жоғары ЗАҢГЕРЛІК білім.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:
1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған 1 бағдарлама бойынша) заңнамаға тестілеуден, және жеке қасиеттерін бағалаудан өту (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған 2 бағдарлама бойынша);
2) прокуратураға келесі құжаттарды тапсыру:
- белгіленген үлгідегі өтініш;
- ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру үшін түпнұсқалары);
- жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян;
- кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш;
- әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды:
1) іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;
2) прокуратура органының аумақтық бөлімшелерінде әңгімелесуден өту;
3) әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту;
4) полиграфологиялық зерттеуден өту;
5) Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында емтихан тапсыру.
Алғашқы кәсіптік даярлық мерзімі:
1 жыл (Академияда 6 ай оқу + 6 ай тағылымдама).
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттар 40 532 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Алғашқы кәсіптік даярлықты табысты аяқтаған кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау бір мезгілде сыныптық шен беріле отырып, сынақ мерзімінсіз жүргізілетін болады.
Құжаттарды қабылдау Лермонтов к., 3 мекен-жайы бойынша жүргізіледі (Павлодар облысының прокуратурасы).
Байланыс телефондары: 8(7182)31508