
Құрметті прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушысы ретінде, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығын қорғап, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуын, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар.
Әрдайым дендеріңіз сау, шаңырақтарыңыз шаттыққа, береке-бірлікке толы болсын!