"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы"мәселелері бойынша ZOOM режиміндегі кеңес

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы"мәселелері бойынша ZOOM режиміндегі кеңес

 Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары, ауданның әдеп жөніндегі уәкілі Р.Қ.Ыбыраева Тереңкөл ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ш.А. Ағжанбаевтың қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс және мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп кодексі нормаларын сақтау туралы" ZOOM режимі арқылы мәжіліс өткізді. Аталған мәселе бойынша ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Шыңғыс Аманбекұлы өз кезегінде облыс бойынша орын алған сыбайлас-жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы айтып берді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу туралы еске салды.