Күн тәртібінде елді мекендердің жерлерін қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселе қаралды.
Тереңкөл ауданының елді мекендерінің жалпы жер көлемі 104262 мың га құрайды, оның ішінде:
Жайылым 85637,0 га
Шабындық 1669,0 га
2022 жылы ерікті келісіммен ауданы 2123,0 га жер учаскелеріне шарттар бұзылды, сондай-ақ 50,0 га жалдау мерзімі ұзартылмады.
Сонымен қатар, бұрын берілген жер учаскелеріне Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 505-бабына сәйкес жер учаскесінің бір шаршы метріне есептегенде жалдау ақысы белгіленеді.
Мұндай жер учаскелері ауданның жер балансына сәйкес:
Байқоныс ауылдық округінде ауданы 1809,1 га, 15630574 теңге сомасына;
Береговой ауылдық округінде 841,4 га 7269696 теңге сомасына;
Верненка ауылдық округінде 7414,7 га 59792142 теңге сомасына;
Жаңақұрылыс ауылдық округінде 695,2 га 5205658 теңге сомасына;
Октябрь ауылдық округінде 481,0 га 3878784 теңге сомасына;
Песчан ауылдық округінде 217,0 га 1874800 теңге сомасына.
Осы жер пайдаланушылармен жер учаскесінің жылдық жалдау ақысын ұлғайту туралы қосымша келісімдер жасалды, сондай-ақ салық органына одан әрі жұмыс істеу үшін шарттар бойынша мәліметтер жіберілді.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Кеңес қорытындысы бойынша А.Т. Маңғұтов елді мекендердің жерлерін пайдалануды бақылауда ұстауды, сондай-ақ халықтың мұқтаждығы үшін бұрын берілген жер учаскелерін қайтару бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.