Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш. Қарашөкеев жұмыс сапарымен Тереңкөл ауданында болды.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш. Қарашөкеев жұмыс сапарымен Тереңкөл ауданында болды.

Мал сою алаңында ет өнімдерін сатумен айналысатын "Ет-Бастау" ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесіп, жұмысымен танысты.

Бұдан кейін Министр Бобровка ауылдық округінде болып, "Құндыз"ШҚ-ның картоп қоймасында болды. Картопты жинау барысымен және егіс алқаптарымен танысты. Шаруалармен кездесу барысында Мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар мен бағдарламалар жайлы егжей-тегжейлі мәлімет берді. Кездесу соңында күзгі жиын-терімнен мол өнім алуға тілектестігін білдірді.