Балалар жылы аясында

Балалар жылы аясында

Балалар жылы аясында Бобровка а/о құрама командасы Жасқайрат НМ мен Бобровка ЖББОМ үшін спорттық құрал-сайман түрінде демеушілік көмек көрсетті. Аудандық спартакиадада 1 орын алып, Бобровка а/о командасы 100 мың теңге көлемінде жүлде қорына ие болды, оларды спортшылар оқушылар арасында спортты дамытуға жұмсауға шешім қабылдады. Бобровка ЖББОМ-дегі спорт залын жарықтандыру үшін 6 LED шам, екі волейбол добы, ракеткалар және үстел теннисіне арналған шарлар сатып алынды. Жасқайрат НМ-не 1 волейбол, 1 футбол добы, сондай-ақ волейбол торы сатып алынды.