Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Шара барысында аудан әкімі А.Т. Маңғұтов ақ халатты абзал жандарды құттықтап, құрмет грамоталарын табыстады. Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Файзулин П.С., Бүркітбаева Г.А., Марушкевич В.В. және Алғыс хаттармен Маженова М.Н., Зенкина О.А., Липокурова А.И. марапатталды.
Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен Кукуруза Т.П. марапатталды
Медицина қызметкерлері күніне орай «AMANAT» партиясы Тереңкөл аудандық филиалының атқарушы хатшысы атынан Алғыс хаттармен келесі азаматтар марапатталды: Бекжанова А.Б., Махамбетов Д.А., Кусаинова С.Е.
Шара Мәдениет үйі шығармашылық ұйымының концертімен ұласты.