Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Семинар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Семинар

Тереңкөл ауданы әкімдігінде аудандық мешіттің бас имамы Уахитов Маралбек Жаңбырбайұлының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізілді. Семинар жұмысына ауданның мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Маралбек Жаңбырбайұлы "сыбайлас жемқорлық Ислам көзімен"тақырыбында сөз сөйледі. Исламда сыбайлас жемқорлық әрекеттері қалай түсіндірілетініне және оларды жасағаны үшін қандай жауапкершілік шаралары бар екеніне егжей-тегжейлі тоқталды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы роликтер көпшілік назарына ұсынылды.