Маусымнан бастап павлодарлықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақы ала бастайды

Маусымнан бастап павлодарлықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақы ала бастайды

2022 жылдың 12 мамырында қабылданған «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы шеңберінде 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап инфляцияның 2022 жылға арналған дәлізін қайта қарауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін ынтымақты зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4%-ға индекстелді, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 4%-ға артты.
Заңға сәйкес 1 сәуірден бастап:
• Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге мөлшерінде;
• Ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге;
• Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 37 389 теңге;
• Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге.

Маусым айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алушылар ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларының қосымша ақысын ескере отырып, төлемдерді жоғары мөлшерде алатын болады. Жоғарылайтын төлемдердің жалпы саны 6,6 млн-ды құрады. Зейнетақы мен жәрдемақылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында индекстелді.