Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту туралы

Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту туралы

Бүгін біздің ауданға "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Н.К. Касимов және филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы А.А. Мукатова жұмыс сапарымен келді.

Н.Қасымов "Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту туралы" жұмысы бойынша ақпарат берді.

Кездесуге ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.