Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру туралы

Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру туралы

2022 жылғы 5 мамырда Мемлекет басшысы «2022 жылғы 5 маусым республикалық референдум өткізу туралы» Жарлығына қол қойды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» № 2592 Конституциялық заңының  21-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, 25-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның  24, 25, 26, 26-1-баптарына сәйкес тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган құрайды, сондай-ақ ҚР әрбір азаматы республикалық референдум жарияланған немесе сайлау тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінің барынша дұрыс болуы мақсатында 2022 жылғы 11 мамырдан бастап азаматтардың тізімге енгізілгені туралы мәліметтерді және олардың деректерінің дәйектілігін нақтылау үшін Call-орталығын іске қосу ұйымдастырылды.

 

8 (71833) 22517, 22324

WhatsApp 87713706812

Тереңкөл ауылы, ул. Елгин көшесі, 172,

аудан әкімдігінің ғимараты, 210 каб.

сағ. 9.00-ден 18.30-ге дейін.,

сенбі сағ. 9.00-ден 13.00-ке дейін

Әріпбаева

Айнаш Тлектесқызы

Жүсіпова

Гүлжан Балтабекқызы

 

Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты