ҚАУІПТІ ЖӘНЕ ҚИЫН ҚЫЗМЕТ

ҚАУІПТІ ЖӘНЕ ҚИЫН ҚЫЗМЕТ

Өткен сейсенбіде аудан әкімі С.Батырғожинов Тереңкөл аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы полиция қызметкерлеріне елдегі жаппай тәртіпсіздікке байланысты төтенше жағдай кезінде адал қызмет атқарғаны үшін алғысын білдірді.

- Біздің ауданымыздың полицейлері жоғары кәсіби деңгейін, жауапкершілігін, табандылығын және отан мүддесі үшін майданда тұра білуін көрсетті, - деп атап өтті Серік Барлыбайұлы. - Жеке қызметкерлер Екібастұз қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысты. Алдағы уақытта да олар өздерінің қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, бейбіт азаматтардың тыныштығын сақтап, қорғайтынына сенімдімін.

Кездесу салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Аудан әкімінің Алғыс хаты аудандық полиция бөлімінің барлық ұжымына табысталды.

Аудан әкімінің Алғыс хатымен сондай-ақ ерекше көзге түскен тәртіп сақшылары: Тереңкөл ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Берік Каткенов; ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Исабек Шабанбаев; уақытша ұстау изоляторының (УҰИ) конвоиры, аға сержант Асхат Браленов; УҰИ полицейі, аға сержант Әлихан Әбілғазинов, УҰИ полицейі, аға сержант Әсет Әбдіканов марапатталды.

Қаңтардағы қайғылы оқиғалар ел үшін күш құрылымдарының рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Қазақстандықтар өздерінің қызметтік және әскери борыштарын орындай отырып, террористермен қақтығыс нәтижесінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді мәңгі есте сақтайды.

Қазіргі уақытта барлық жерде құқық қорғау органдары мен әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімінің шешімі бойынша ауданымыздың полиция бөліміне екі жаңа «Chevrolet Niva» автокөлігі бөлінді, олар Федоровка және Тереңкөл ауылдық округтерінің учаскелік полиция инспекторларына беріледі.

В настоящее время повсеместно идёт работа по укреплению материально-технической базы правоохранительных органов и воинских частей.