Аудан әкімі С. Батырғожинов Ивановка, Львовка және Байқоныс ауылдарында болды

Аудан әкімі С. Батырғожинов Ивановка, Львовка және Байқоныс ауылдарында болды

Аудан әкімі С. Батырғожинов Ивановка, Львовка және Байқоныс ауылдарында болды. Жеке кәсіпкерлермен, ШҚ, ФҚ, ЖШС басшыларымен, көп балалы аналармен, жастармен, 9 және 11 сынып түлектерімен кездесіп, содан кейін азаматтарды жеке қабылдады. Ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдады. Бұл ұялы байланыстың сапасы, сапалы ауыз судың болмауы, тай боксының дамуы және басқалары. Ол біздің жастарымыздың өте белсенді және өз ауылына деген қамқорлығының дәлелі. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың қажеттіліктері туралы ұмытпаған абзал. Біз азаматтарымыздың әрбір проблемасына нақты түрде қаражат салатын боламыз, -деді. Бүгін және өткен кездесулер барысында айтылған барлық мәселелер қаралып, әрқайсысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Азаматтарымызға тағы да еске саламыз, барлық проблемалық мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жүгінулеріңізді сұраймыз: Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі - 21-2-70, 8 777 934 0040, Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі - 21-0-59, 21-4-03, 87776594355, Тереңкөл ауданының білім бөлімі - 21-8-09, 8 705 203 2586, Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі - 21-1-78, 8 705 129 1749, Тереңкөл ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі - 21-8-85, 8 705 614 3278, сондай - ақ Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты - 21992.