Бүгін аудан әкімі С.Б.Батырғожиновтың төрағалығымен 2021 жылдың төртінші тоқсанында Тереңкөл ауданы әкімдігінің жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Бүгін аудан әкімі С.Б.Батырғожиновтың төрағалығымен 2021 жылдың төртінші тоқсанында Тереңкөл ауданы әкімдігінің жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. "ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғаудағы және күзетудегі рөлі, оны бұзғаны үшін азаматтардың жауапкершілігі. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы N 70V Заңына сәйкес мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қару мен арнайы құралдарды қолдануының құқықтық негіздері" және "Шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмысының қорытындыларын шығару. Тереңкөл ауданы әкімдігінің жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту." - "Дарқан" шекара бөлімінің бастығы Б.Д. Ыбыраев хабарлады;

2. "Шекара аймағындағы крименогендік жағдайды жеткізу" - Тереңкөл аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары С.К. Асылбеков баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.