Оқушыларға екпе салу қарқын алды

Оқушыларға екпе салу қарқын алды

11-сынып оқушысы Элина Каткадамова Пфайзер екпесінің бірінші дозасын алды. Оқушы болашағым үшін вакцина алуға шешім қабылдадым дейді. Ата-анасы да оқушы шешімін құптаған. Айта кетейік, балаларға ата-анасының рұқсатынсыз екпе салынбайды.

Владимир Каткадамов, Элина Каткадамованың әкесі:
- Бәріміз семьяда, ағайын туыстарымыз вакцина алдық. Қазір біөздің қызымыз 11-сынып оқиды. Шешім қабалдап, вакцина алды. Бір, екі күн шамалы температура болды. Қазір жақсы, сабағын оқып отыр.

Статистикаға сүйенсек, өңірде 2020 жылы 150-ге жуық оқушы ковидке шалдыққан. Ал, биыл бұл көрсеткіш 10 есеге артып отыр. Сондықтан, ақ халаттылар балалардың вакцина алғаны жөн дейді.