Бүгін аудандық мұрағатта "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішіндегі Тереңкөл ауданының тарихы" атты фотоқұжаттық көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Бүгін аудандық мұрағатта "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішіндегі Тереңкөл ауданының тарихы" атты фотоқұжаттық көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанаты аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваның құттықтау сөзімен басталды.

Ашылу салтанатына Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты басшысының орынбасары Қ.Татбай, Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Р. Алтаев, Тереңкөл ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы С.Н. Ахметова және Тереңкөл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Л.И. Голубцова, сондай-ақ Тәуелсіздік құрдастары Б.М. Әмірқашев және Н.М. Сейітов қатысты.