Бүгін облыстық Достық үйінің базасында өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен «Балалардың өмірі, денсаулығы және әл-ауқаты біздің қолымызда» атты халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстелі болып өтті.
Аталған шара өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау ұйымдары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Бүгінгі шарада мінбеден сөз алған баяндамашылар қазіргі күнгі балалардың денсаулығын сақтау, отбасы институтын дамыту және басқа да маңызды мәселелерін талқылады. Қазіргі заманда қоғамды алаңдатып отырған кибербулинг, ғаламторға тәуелділік, ата-аналардың жұмысбастылығы, педагог пен ата-аналардың өзара байланысын жандандыру т.б. мәселелер ортаға салынды. Шара соңында Аналар кеңесінің жұмысын әрбір мектепте жүргізу туралы ұсыныс жасалынды