2021 жылғы 17 қазанда Калиновка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

2021 жылғы 17 қазанда Калиновка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті


Хабарлама
2021 жылғы 17 қазанда Калиновка сайлау округі бойынша Тереңкөл ауданының Калиновка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Тереңкөл ауданының Калиновка ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Калиновка сайлау округі
Калиновка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 499 азамат енгізілді, олардың 483-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған-17.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жұмажанова М.К. – 24; Мукурова Ә.Б. – 35; Рыспеков С.К. – 393.
Калиновка ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1993 жылы туған Рыспеков Санджар Құнанбайұлы, Тереңкөл ауылдық округінің Теренколь ауылында тұрады, Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "ALDASPAN жастар орталығы" КММ директоры, "Nur Otan"партиясы ұсынған.
Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 18 қазандағы шешімімен Тереңкөл ауданының Калиновка ауылдық округінің сайланған әкімін 2021 жылғы 18 қазанда тіркеді.


Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы