Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Павлодар облысының Ауған соғысы және аймақтық соғыстарының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының басшысы Б.Н Майкотовтың ұйымдастыруымен өткен автошеру Тереңкөл ауданында болды. Шеруге қатысушылар алдымен "Тағзым" аллеясына барып гүл шоқтарын қойды. Кейіннен аудандық «NurОtan» партиясы филиалында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіп, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.