Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

2021 жылғы 25 шілдеде төрт сайлау округі бойынша Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау өтті.

Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Байқоныс сайлау округі

Байқоныс ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 907 азамат енгізілді, олардың 873-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 30, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған-17.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Р.Б. Аубакиров – 34; А. З. Жұмасанова –34; Д. Ж. Молдагельдинов – 758.

1980 жылы туған Молдагельдинов Дулат Жасуланұлы Байқоныс ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Байқоныс ауылдық округінің Байқоныс ауылында тұрады, «Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ әкімі, оны «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

Бобровка сайлау округі

Бобровка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 685 азамат енгізілді, олардың 605-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 21, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған-14.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А. А. Мұханов – 55; Р.Ж. Умаров – 478; А. В. Шевченко-37.

Бобровка ауылдық округінің әкімі болып сайланды Руслан Жұмабайұлы Умаров, 1977 жылы туған, Бобровка ауылдық округінің Бобровка ауылында тұрады, «Бобровка ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ әкімі, "Nur Otan"партиясы ұсынған.

Воскресенка сайлау округі

Воскресенка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 449 азамат енгізілді, олардың 436-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған-13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Джумалинов Д.Б. – 22; Жаркина О. В. – 381; Қаббасова З. С. – 17.

Воскресенка ауылдық округінің әкімі болып Жаркина Оксана Васильевна сайланды, 1970 жылы туған, «Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ әкімі, "Nur Otan"партиясы ұсынған Воскресенка ауылдық округінің Воскресенка ауылында тұрады.

 

Федоровка сайлау округі

Федоровка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 621 азамат енгізілді, олардың 602-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 19, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған-8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алтаев К. Р. – 31; Куставлетов Е. Б. – 503; Садвакасов С. Н. – 41.

Федоровка ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1968 жылы туған Куставлетов Ерик Баянұлы, «Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ әкімі , Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.

Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен Тереңкөл ауданының ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін 2021 жылғы 25 шілдеде тіркеді.

 

 

Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы