Акимат района Тереңкөл
Меню
Страницы
Деятельность
Аппарат акима
Документы
Пресс-центр
Контакты
Деятельность
Контакты
Аппарат Маслихата
Прес-центр
Документы
gov@nitec.kz

ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ҚАСІРЕТІ

Жақында аудандық кітапханада  саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Дәуірдің қайғылы ескерткіші» тақырыбында шара болып өтті. Оны кітапхана қызметкерлері аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесіп өткізді. Шарға саяси қуғын сүргін құрбандарының бүгінгі ұрпақтары, яғни елімізге саяси жер аударылып келгендердің балалары қатысты.

Біздің елімізде Тұңғыш Президент, Н.Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр –саяси қуғын сүргін н және ашаршылық құрбандары еске алу күні белгіленген болатын. Бұл күн сталиндік режимнің құрбаны болған интеллегенция өкілдері, олардың әйелдері мен балалары, жазықсыз жала жабылып, саяси қысымның құрбаны болған жандарды еске алу күні. Шара барысында оның жүргізушілер Қазақстан жерінде аштық пен саяси қуғын сүргіннің қалай жүргізілгені, халықтарды не үшін жер аударғандары жайлы айтып берді. Қазақ жері саяси қуғын-сүргін көрген халықтардың жаппай лагеріне айналды. Бұрынғы Алаш идеясының өкілдері, еліміздің «сүт бетіндегі қаймақтары», яғни интеллегенция өкілдері жазықсыз жала жабылып, құрбан болды. Аштықтан қаншама халқымыз қырылды. Бұның бәрі ұлттық трагедияға айналды.

Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметова сөз алып, халқымыздың басына түскен ауыр күн ешқашан ұмытылмайтындығын айтып, осы бір қаралы күн халқымыздың басына ешқашан келмеуін тіледі. Шараға қатысқан елімізге жер аударылғандардың ұрпақтары – И.Гушлакаев, В.Гаупт, В.Рутц өздерінің ауыр балалық шақтары, өз ата – бабаларының қалай зардап шеккендліктері жайлы айтып берді. Бір минуттық үнсіздікпен зобалаң жылдардың құрбандары еске алынды. Сонымен қоса осы шара барысында «Зұлмат жылдар қасіреті» тақырыбында кітаптар көрмесі қойылды.

М.Жакупова, аудандық кітапхананың кітапханашысы

 

Дата публикации
03 июня 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Виртуальная Приемная
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК