Акимат района Тереңкөл
Меню
Страницы
Деятельность
Аппарат акима
Документы
Пресс-центр
Контакты
Деятельность
Контакты
Аппарат Маслихата
Прес-центр
Документы
gov@nitec.kz

Аудандық әкімдікте -2 стр ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Дүйсенбі, 31 ші мамыр күні аудан әкімі С.Батырғожиновтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Онда маңызды деген мәселе қаралып, әкімдіктің тиісті қаулы жобасы мақұлданды.

Күн тәртібінде бір ғана мәселе, «2020-2021 жылғы жылу маусымының аяқталуы және жаңа 2021 - 2022 жылғы жылу маусымына дайындық барысы» туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Қожахметов хабарлама жасады.

Оның айтуынша 2020 - 2021 жылдарға жылыту маусымы өткен жылдың 25 ші қыркүйегінде басталып, осы жылдың 1 мамырына дейін жалғасқан. Өткен жылғы жылу беру маусымына 29 білім беру мекемелері, 25 денсаулық сақтау мекемелері, 20 мәдениет мекемелері, 9 көппәтерлі тұрғын үй, 43 қазандық дайындалған.

Қазандықтардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 9 қазандық пен 6 түтін құбыры аустырылды, сондай-ақ Осьмерыжск НМ жылыту жүйесі карбон батареяларына ауыстырылған. Аудандағы білім беру мекемелерінде, мәдениет және денсаулық сақтау салаларында жылыту маусымы қалыпты деңгейде өтілді. Өткен маусымда 4 қазандық пен 1 түтін шығатын құбыр ауыстырылған. 

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік сала мекемелерінің көмір қажеттілігі 7272 тоннаны құрады, оның ішінде: 2888 тонна тас көмір және 4384 тонна қоңыр көмір. Тұтыну орындарына көмір жеткізу кестеге сәйкес жүргізілді, бұл барлық қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті - дейді ақпарат беруші.

Осы жылығы жаңа жылу беру маусымына 30 білім беру объектісін, 25 денсаулық сақтау, 20 мәдениет объектісін, 9 көппәтерлі тұрғын үйді, 43 қазандықтарына дайындау жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы әлеуметтік салалардағы жылыту мәселесі айтылып, оның шешу жолдары қарастырылды.

Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Бильялова, аудандық мәдениет және спорт, дене шынықтыру бөлімінің басшысы Б.Бектасова өздері басқарып отырған салалардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берді.

Күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне назар аударуды тапсырған аудан әкімі өзінің орынбасарларына, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына тапсырмалар берді.

Е.Қамзин

Дата публикации
03 июня 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Виртуальная Приемная
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК