Маркетингтік қызметтер

Маркетингтік қызметтер

Ағымдағы жылдың 5 айында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері кәсіпкерлік субъектілеріне 473 қызмет көрсетті. Ең көп сұранысқа ие болған қызметтер - маркетингтік қызмет болды.

«Бизнесті қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі - кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау. Соның ішінде сервистік қолдау, оның аясында мамандандырылған қызметтер бизнеске ақысыз түрде ұсынылады. Мысалы, кез-келген фирма өз штатында жоғары білікті заңгерді жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Немесе, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкер салық салу не болмаса мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Мұндай сәтте сервистік қызметтер өте уақтылы көрсетіліп, қажетті болып табылады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бизнес-жоспарды құруға, бухгалтерлік есеп пен салық есебі мәселелеріне, статистикалық есептер дайындауға, құқықтық, онымен қоса мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша көмектеседі», - дейді Серік Садвакасов, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.

Кәсіпкерлер арасында ең сұранысқа ие қызметтер - маркетингтік қызметтер, дәлірек айтсақ бизнес-жоспарлар әзірлеу,  бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге байланысты қызметтер.

Кәсіпкерлер қызметтерді оффлайн режимінде Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласу арқылы, https://g4b.kz/ мекенжайы бойынша да ала алады.

Толығырақ ақпаратты Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасынан алуға болады. Анықтама үшін телефон: 8/7182/654415, 8/7182 / 660311. ҰКП Call-Center  - 1432.