СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Жұма күні аудан әкімі Серік Батырғожинов ауданымыздың бір топ спортшыларына құрмет көрсетті. Олардың қатарында Борис Костеренко, Исламбек Ильясов, Айзара Бейсембай және осы спортшылардың жаттықтырушысы Айтемір Балташев болды.
А.Балташев аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы. Сонымен қоса еркін күрестен Павлодар облысы жастар құрамасының аға жаттықтырушысы.
Исламбек Ильясов - жақында Өскемен қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен еркін күрестен Қазақстан чемпионатында күміс медалды еншілеп, «ҚР спорт шебері» нормативін орындады. Сондай-ақ Павлодар қаласында өткен еркін күрестен Қазақстан Республикасы V жастар ойындарында топ жарып, жеңімпаз болған.
Айзара Бейсембай – ол да Өскемен қаласында өткен 23 жасқа дейінгілер арасында еркін және әйелдер күресінде ел біріншілігінің жеңімпазы болып, күміс медальға ие болды. Сөйтіп «ҚР спорт шебері» нормативін орындады. Наурыз айының басында Павлодардағы ҚР V жастар ойындарында қола медаль иеленген.
Борис Костеренко – 2020 жылы Атырау қаласында өткен әскери самбо жарысында топ жарып, 100 келі салмақта еліміздің чемпионы атанды. Сөйтіп «ҚР спорт шебері» нормативін орындаған еді.
Аудан әкімі аудан спортшыларын спорттағы жоғары жетістіктері мен аудандағы спортты дамытуға қосқан үлестері және Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативтерін орындағандары үшін Алғыс хатпен марапаттады.
Аудан әкімі спортшыларды жеткен жетістіктерімен құттықтай отыра, алдағы бәсекелерде ел намысын биік ұстап, бұдан да жоғары жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.
Өз тілшіміз /фото аудан әкімінің ФБ парақшасынан алынды/