Тереңкөл ауданының әкімі С.Б. Батырғожиновтың тоқсан сайынғы есептік кездесуді өткізу туралы хабарлама

Тереңкөл ауданының әкімі С.Б. Батырғожиновтың тоқсан сайынғы есептік кездесуді өткізу туралы хабарлама

Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты 2021 жылғы 21 сәуірде Тереңкөл ауданының әкімі С.Б. Батырғожиновтың онлайн форматы арқылы халық алдында есеп беру өтетінін хабарлайды.
1. Zoom платформасы-https://us02web.zoom.us/j/4753485371?pwd=S3BlTGxpYU1MK0VkanIvRWRpS0JkZz09
конференция идентификаторы: 475 348 5371, қатынау коды: 11223344;
2. Instagram тікелей эфир - terenkol_aqparat;
3. Facebook тікелей эфир - Serik Batyrguzhinov.

Тереңкөл ауданы әкімінің алдағы есептік кездесуге дайындық аясында азаматтар 2021 жылғы 21 сәуірге дейін сауалдарын жолдай алады:
1. Тереңкөл ауылы Елгин көшесі, 172 мекенжайы бойынша орналасқан аудан әкімдігінің ғимаратында орнатылған өтініштердің арнайы жәшігіне;
2. Тереңкөл ауданы әкімдігінің www.gov.kz сайтындағы блог-платформасына;
3. Әлеуметтік желілер және мессенджерлер аккануттарына (Instagram – serik_batyrguzhinov, terenkol_aqparat; Facebook - Serik Batyrguzhinov; WhatsApp нөмері - +77779350999);
4. Байланыс телефондары арқылы: (871833) 21992.

Есептік кездесуден кейін Тереңкөл ауданының әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғожиновпен азаматтарды қабылдау өткізіледі.
Қабылдауға жазылу 2021 жылғы 21 сәуірге дейін жүргізіледі.
Өтінішті жолдауға болады:
1. Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы egov.kz;
2. Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің ғимаратында өтініштерге арналған арнайы жәшікке;
3. Тереңкөл ауданы әкімдігінің www.gov.kz сайтындағы блог-платформаға;
4..Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер аккаунттарына (Instagram - @terenkol_aqparat; WhatsApp нөмірі - +77779350999;
5. Байланыс телефондары арқылы: (871833) 21992.
Қабылдауға жазылу үшін өтініш берушінің толық деректерін (Т.А.Ә., пошталық мекенжайы, байланыс телефондары) және мәселенің қысқаша мазмұнын көрсету қажет.