Туберкулез жөнінде не білу қажет

Туберкулез жөнінде не білу қажет

Туберкулез әлем бойынша ең таралған аурулардың біріне жатады және халық денсаулығы үшін күрделі қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта ғаламшардың үштен бір бөлігі туберкулез микобактерияларымен зарарланған, жыл сайын 8 миллионға жуық туберкулез жағдайы тіркелуде және 2 миллионға жуық адам бұл аурудан қайтыс болады.
Туберкулез – жұқпалы ауру, ол адам ағзасына микроорганизмдер (туберкулез микобактериялары) енгеннен кейін дами бастайды. Сонымен қатар ауру зақымдайтын негізгі орын– өкпе. Кей кезде ми және оның қабығы, сүйек, буын, бүйрек, жыныстық органдарының, көз, ішек және тағы басқа органдарының туберкулезі болуы мүмкін. Микобактериялар қоршаған орта факторларының әсеріне төзімді. Адам немесе жануар ағзасында олар тез таралады. Ағзадан тыс жерде микробтар көбеймейді, бірақ ұзақ уақыт тіршілікке икемділігін сақтайды.
Туберкулезбен науқастанған адам және оның шығындылары, әсіресе қақырығы туберкулез жұқпасының негізгі көзі болып табылады.
Туберкулезді ауа – тамшылы жолымен жұқтыруға болады – қатты сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қарым-қатынас жолымен - сау адамның жұқпалы материалмен (қақырықпен) , ауа – шаң (ауадағы микробтар өкпеге еніп сау адамның жұқтыруын қоздыру мүмкін).
Ауруды ерте анықтау - туберкулез ауруының тиімді емделу шарты болып табылады. Туберкулез ауруының алғаш белгілері: 2 аптадан астам уақыт жөтелу, тез шаршау, әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, дене салмағының төмендеуі, кеуде ауыруы, түнгі тершеңдік, дене қызуының көтерілуі. Туберкулез емделетін ауру. Туберкулез ерте анықталып, дұрыс емделген жағдайда науқастар сауығады.
Алдын алу флюрографиялық тексеру ауруды анықтаудың негізгі тәсілі болып табылады.
Туберкулез –әлеуметтік және медициналық проблема, сондықтан туберкулез ауруының алдын алу үшін әлеуметтік және медициналық бағытта (ерекше және санитариялық алдын алу) қажетті іс-шаралар кешенің өткізу қажет. Ерекше – сау адамды иммундау, яғни вакциналау (БЦЖ вакцинасы) арқылы оның туберкулез жұқпасына қарсы тұрақтылығын нығайту. Санитариялық – сау адамдарды туберкулез микобактерияларымен жұқтырылуын алдын алу. Туберкулез жұқпасының таралуы халықтың материалдық-тұрмыстық жағдайына, мәдениет деңгейіне, науқастың және қарым-қатынастағы адамдардың әдетіне байланысты.
Туберкулез – бүкіл қоғамның проблемасы, сондықтан әр адам туберкулездің алдын алуы жөнінегі өз білімдерін дұрыс қолданылу арқылы бұл аурудың өсуі мен таралуын тоқтату мүмкін.

Жетекші маман А.Алетаева