Құрметті Тереңкөл ауданының тұрғындары 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді

Құрметті Тереңкөл ауданының тұрғындары 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді

Сіздердің назарларыңызға сайлаушылардың тізімдері азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер негізінде жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктермен) жасалатынын жеткіземіз.

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ, сондай-ақ дауыс беру күні тіркелген жерінен тыс жерде болатын азаматтар дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей (23 шілдені қоса алғанда) Тереңкөл ауданы әкімінің аппаратына мына мекенжай бойынша өтініш беруі қажет: Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172, 210-кабинет.

Осы құқықты:

  • дауыс беру күні тіркелген жерде болмайтыны жайлы алдын ала белгілі болған азаматтар;

  • жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын және жатақханадан тыс жерде тұратын басқа қаладан келген студенттер;

  • вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар;

  • стационарлық медициналық ұйымдарда ұзақ мерзімді ем қабылдап жатқан азаматтар;

  • тіркелген жерінен тыс жерде мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де азаматтар.

Сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының Call-орталығына 8 (71833) 22-517 телефоны арқылы хабарласып немесе WhatsApp: +7 778 179 5264 нөміріне өз деректеріңізді жолдау арқылы тексере аласыз.

Call-орталықтың жұмыс кестесі:

  • дүйсенбі – жұма: 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін);

  • сенбі, жексенбі: өтініштер тек WhatsApp: +7 778 179 5264 арқылы 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.

Тереңкөл ауданының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!