
2026 жылғы 19 мамырда Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Тереңкөл ауданының Октябрь ауылдық округінің сайланған әкімі - Мукурова Әлия Бейсембайқызын тіркеді. Әлия Бейсембайқызы Мукурова тікелей сайлау нәтижесінде Октябрь ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Әлия Бейсембайқызы Қашыр ауданы Лесное ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы 2003 жылы Қашыр ауданы Октябрь ЖОББМ жанындағы Лесное БММ-де басталып, 2012 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Қашыр ауданының Новоспасовка БМ тәрбиешісі және меңгерушісі болып істеді.
2014-2022 жылдары Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2022 жылдан бастап сайлауға дейін Октябрь ауылдық округінің әкімі болды. «АMANAT» партиясымен ұсынған.