МЕРЕЙЛІ ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ

МЕРЕЙЛІ ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ

Қазанның соңғы жексенбісі, еліміздегі әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Әлеуметтік қызметкер – әлеуметтің әлсіз өкілдерінің жанашыры, жақыны, тіпті туысы деуге болады. Бұл мамандар әр науқастың жан-дүниесіне үңіліп, сырласады, жан-жақты көмек береді.
Осы айтулы мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Раушан Ыбраева ауданымыздың әлеуметтік сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Аудан әкімінің құрмет грамотасымен – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы Айман Әбсәләмова, «Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппараты» мекемесінің әлеуметтік қызметкері – Светлана Кротова, аудан әкімінің Алғыс хатымен – «Тереңкөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің жұмыспен қамту орталығының маманы – Әділет Жангузинов, «Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппараты» мекемесінің әлеуметтік қызметкері – Мәдина Қасанова марапатталды.
Кәсіби мереке иелерін аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Валентина Кулик те құттықтап, мерекелік гүл шоқтарын табыс етті.