Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамында бос орындар туралы ХАБАРЛАМА

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамында бос орындар туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) сәйкес Павлодар облысының Тереңкөл аудандық мәслихаты 9 учаскелік сайлау комиссияларының құрамында бос орындар туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2020 жылдың 19 қазаннан бастап 2020 жылдың 2 қарашаға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссиясының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз түрінде кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжат көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы тиісті мәслихатқа жіберілген белгіленген нысандағы өтініш.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындау күні, тегі, инициалдары және оның телефон нөмірі көрсетілуімен орындаушы туралы белгі қамтылуы керек.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылдың 26 қазанға дейін дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-ден сағат 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Тереңкөл аудандық мәслихаты

Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы: Сапар Жасұланұлы Баяндинов.
Мәслихаттың орналасқан жері: Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172.
Жауапты тұлға – Турлубекова Айжан Есильевна, каб. № 102, қалааралық телефон коды (871833), қызметтік телефон нөмірі 21307, ұялы телефон 87016208983, электрондық мекенжай: (m.akr.@pavlodar.gov.kz)

Тереңкөл аудандық мәслихаты аудандық 12 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:

 

р/с №

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

Учаскелік сайлау комиссиялары – 12

1.                   

№ 286

 Тлеубай ауылы, А.Имановкөшесі 4, Негізгі мектебінің ғимараты

5

2.                   

№ 291

с. Ынталы, ул.Школьная 1, Негізгі мектебінің ғимараты

5

3.                   

№ 292

Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 15, К. Оспанов атындағы № 3 орта мектебінің ғимараты

5

4.                   

№ 294

Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 243, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты

5

5.                   

№ 297

Осьмерыжск ауылы, Школьная көшесі 1, негізгі мектебінің ғимараты

5

6.                   

№ 300

Жаскайрат ауылы, Школьная көшесі 1, негізгі мектебінің ғимараты

5

7.                   

№ 301

Первомайск ауылы, Бірлік көшесі 11, негізгі мектебінің ғимараты

5

8.                   

№ 311

Львовка ауылы, Киров көшесі 24, мәдениет үйінің ғимараты

5

9.                   

№ 312

Фрументьевка ауылы, Школьная көшесі 1, негізгі мектебінің ғимараты

5

10.               

№ 316

Тегістік ауылы, Байтерек көшесі 20 негізгі мектебінің ғимараты

5

11.               

№ 317

Жанакұрылыс ауылы, Мектеп көшесі 6, негізгі мектебінің ғимараты

5

12.               

№ 323

Береговой ауылы, Намазбаев көшесі 6, орта мектебінің ғимараты

5

 

Тереңкөл аудандық мәслихаты