
2025 жылғы 1 қазанда Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Калиновка ауылдық округінің сайланған әкімі-Смағұлов Дамир Рашидұлын тіркеді.
Смағұлов Дамир Рашидұлы тікелей сайлау нәтижесінде Калиновка ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Дамир Рашидович Қашыр ауданы Бобровка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2020 жылы Тереңкөл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман болып бастаған. 2022 жылдан бастап Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, содан кейін 2023 жылдан бастап Тереңкөл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. "АMANAT" партиясымен ұсынған.