Пестицидтердің айналымы саласындағы техникалық регламенттің талаптары

Пестицидтердің айналымы саласындағы техникалық регламенттің талаптары

Пестицидтер қазіргі ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқарады, олар өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғайды. Алайда олардың қолданылуы адам денсаулығына, жануарларға және қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік реттеу жүйесі және пестицидтердің айналымына қойылатын міндетті талаптарды айқындайтын арнайы техникалық регламенттер қолданылады.
Жыл сайын Тереңкөл ауданына зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау үшін өсімдіктерді қорғау құралдарының үлкен ассортименті жеткізіледі.
Пестицидтер мен агрохимикаттар – уыттылығы бар заттар екенін еске салғымыз келеді, оларды дұрыс пайдаланбаған жағдайда адам денсаулығына зиян келтіруі, азық-түлікті және қоршаған ортаны ластауы мүмкін.
Нормативтік-құқықтық база
Бұл саладағы құқықтық реттеудің негізін құрайтындар:
- ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы;
- ҚР Экологиялық кодексі;
- Қазақстан қосылған Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттері;
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұлттық нормативтік-құқықтық актілері және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитарлық ережелер.

Техникалық регламент пестицидтерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қолдануға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптарды айқындайды.
Техникалық регламенттің негізгі талаптары
1. Пестицидтерді тіркеу
- Айналымға тек мемлекеттік тіркеуден өткен соң ғана жіберіледі.
- Уыттылыққа, экологиялық қауіпсіздікке, тиімділікке бағалау жүргізіледі.
- Мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулық әзірленеді.
2. Маркировка мен қаптамаға қойылатын талаптар
- Қаптама препараттың сақталуын қамтамасыз етуі және төгілуін болдырмауы тиіс.
- Этикеткада мынадай мәліметтер көрсетілуі керек: атауы, құрамы, қауіптілік класы, қолдану ережелері, сақтық шаралары, өнім жинауға дейінгі күту мерзімі.
3. Сақтау және тасымалдау
- Пестицидтер желдеткіш жүйесі бар, герметикалы және өрт қауіпсіздігі жүйесімен жабдықталған арнайы қоймаларда сақталуы тиіс.
- Азық-түлік өнімдерімен, мал азығымен және дәрі-дәрмекпен бірге сақтауға тыйым салынады.
- Тасымалдау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері сақталуы тиіс.
4. Қолдану
- Жұмыстарды тек арнайы оқудан өткен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген қызметкерлер жүргізе алады.
- Ауыл шаруашылығы алқаптарын өңдеуге санитарлық-қорғау аймақтары белгіленген.
- Пестицидтерді тұрғын аймақтарға, су көздеріне және ара ұяларына жақын жерлерде қолдануға тыйым салынады.