МЕКТЕП ЖҮРЕГІ - МҰҒАЛІМ

МЕКТЕП ЖҮРЕГІ -  МҰҒАЛІМ

Алтын күз келді. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағынса табысқа қуанышты сәттерімен елестетеді.
Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын, данасын да, ғалымын да, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелйтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»,- деген екен.
Ендеше өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Өткен жұма күні аудан әкімдігінде Ұстаздар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Білім саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздар қауымын аудан әкімі Ернұр Әйткенов құттықтады. Ол өз сөзінде оқушыларына адамгершілік рухта заманға сай сапалы тәрбие беріп келе жатқан ұстаздардың еңбегі орасан зор екені атап өтті.
Бұл күні жас ұрпаққа білім беріп, бүкіл саналы өмірін қызығы мен қиындығы бірге ұштасқан мамандыққа арнаған мұғалімдерге құрмет көрсетіліп, бірқатар үздік педагогтар марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен Қызылтаң орта мектебінің директоры - Қайырбай Бейсембаев марапатталды.
Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен: аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Құсаинова, Песчан 1 ОМ директоры О.Романишина, Оқушылар үйінің директоры Қ.Нұрпеисова, А.Елгин атындағы №1 мектебінің директоры М.Тотанова, Тереңкөл аграрлық - техникалық колледжі директорының орынбасары М.Анапиянова, Қатша Оспанова атындағы № 3 қазақ орта мектебінің директоры Г.Ахметжанова аталып өтті.
Аудан әкімінің Алғыс хатымен білім беру бөлімінің әдіскері Б.Уртақов, Песчан №2 ОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Макушева, Зеленая роща НМ мұғалімі Л.Мұханова, аграрлы - техникалық колледжінің әдіскері Б.Асаинова, Қ.Оспанова атындағы №3 ОМ кітапханашысы Л.Нұрахметовалар марапатталды.
Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет Грамотасымен А.Елгин атындағы №1 ОМ директорының орынбасары Г.Китаева, О.Якунина (Львов ОМ мұғалімі), А.Ильясова (Песчан №1ОМ), М.Жантемірова ( Береговой ОМ) аталып өтті.
Песчан №2 орта мектебінің педагог-психологы Ю.Терентьева, С.Вересович (Калиновка ОМ), Д.Елубаева (Октябрьск ОМ), Е.Шинкоренко (Ивановка ОМ) мұғалімдері Павлодар облысы білім беру басқармасының Алғыс хатымен аталып өтті.
Білім беру және ғылым қызметкерлері Қазақстан салалық Қоғамдық Кәсіподақ бірлестігінің Құрмет грамтомасымен Первомайка мектебі кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Кабенов марапатталды.
Павлодар облысы білім беру және ғылым қызметкерлері Қоғамдық бірлестігі кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы Львовка ОМ нің директоры К.Броновқа табысталды.
Мерекелік шара барысында құшақтары гүлге толған ұлағатты ұстаздар құрметіне тамаша жүрекжарды әсем әндер шырқалды. Кәсіби мереке соңында мұғалімдер қауымы бірге қосылып «Ұстазым» әнін орындады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ