ЖАҢА ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

ЖАҢА ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

25 қыркүйек күні аудан орталығы Тереңкөл ауылындағы №1 А.Елгин атындағы орта мектебі жанында балалар және жасөспірімдер жаттығу залы ашылды.
Аталмыш игі жоба «Павлодар облысындағы ауылдық аймақтардың потенциалын арттыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасының қоғамдық және ақпараттық дамыу министрлігінің тікелей қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығы» мемлекеттік гранты есебінен жүзеге асты.
Аталмыш маңызды шараға орай салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Білім беру саласының ардагері, «ҚазКСР ағарту ісінің үздігі», «Кеңес Одағының спорт шебері», «Қазақ КСР-ң еңбек сіңірген бапкері», Тереңкөл ауданының Құрметті азаматы П.Яценко, «Павлодар облысы «Азаматтық альянсы» палатасының эксперттер төрағасы Е.Лузянина, «Павлодар облысы Азаматтық альянсының» орындаушы директоры М.Паух, мектеп мұғалімдері, оқушылар қатысты.
Игі шара тек қана осы мектепке ғана емес, бүкіл ауданымыздың өсіп - өркендеуіне және жеткіншектер мен жастардың салауатты өмір салтын ұстануға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз. Бүгінде мектеп жанындағы тренажер залында күрделі жөндеу өтіп, ұтып алған грант қаражатына арнайы спорттық құралдар сатып алынды. Енді оқушылар сабақтан соң залға емін- еркін келіп, жаттыға алады
Алғаш сөз кезегін алған М.Паух облысымыздағы жүзеге асқан 9 ірі жобаның екеуін осы Тереңкөл ауданы байқауға қатысып, грант жеңіп алғанын ерекше атап өтіп, барша қауымды құттықтады. Ірі жобаға мектеп түлегі, тарих пәнінің мұғалімі Н.Сеитов көп үлес қосқандардың бірі.
Салтанатты шарадан соң, көпшілік қауым мектеп жанындағы жаттығу залын көріп тамашалады. Мұнда спортқа құмар жеткіншектерге бос уақытта түрлі жаттығулармен айналысуға барлық жағдай жасалған. Бірнеше спорттық жабдықтар грант қаражатына сатып алынған.
Көптен күткен жаттығу залының ашылуы оқушылардың спорттағы әлеуетін әрі қарай арттырып, үлкен спорттық жетістіктерге жетуге түрткі болмақ. Шара соңында жаңа жаттығу залында оқушылар арасында мектепішілік жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар арнайы грамоталар, медальдармен марапатталады.