Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:
1️⃣ Жаңа оқу жылына дайындық және «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы
Баяндамашы – білім беру бөлімі басшысы Біләлова Жайнат Қалиқайдарқызы.
Әсіресе оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Мектепке жол» акциясын өткізуге жәрдем көрсетуге ерекше назар аударылды.
2️⃣ Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану шаралары туралы
Баяндамашы – жер қатынастары бөлімінің басшысы Исаева Айжан Төлегенқызы.
Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану, жалға беру және пайдаланылмай жатқан учаскелерге мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды.
✅ Мұндай кездесулер ауданды тұрақты дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.