Сайланған әкімдерге куәліктерді тапсыру

Сайланған әкімдерге куәліктерді тапсыру

2025 жылғы 2 шілдеде Әулиеағаш, Жаңабет және Томарлы ауылдық округтері активтерінің жиналысы өтті, онда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.И. Ибраева ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған О.В. Жаркинға, С.С. Бахтияровқа және Е.Б. Куставлетовке куәліктер тапсырды.

 

 Жаркина Оксана Васильевна тікелей сайлау нәтижесінде Әулиеағаш ауылдық округінің әкімі болып  сайланған.

Оксана Васильевна Качир ауданының Березовка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1992 жылы Березовка мектебінде химия пәнінің мұғалімі және мектеп директорының орынбасары болып бастаған. Кейін 15 жыл осы білім ордасын басқарған. 2013 жылдан бері Воскресен ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді. «AMANAT» партиясымен ұсынылды.

 

Бахтияров Серік Сұлтанұлы тікелей сайлау нәтижесінде Жаңабет ауылдық округінің әкімі болып  сайланған.

Серик Сұлтанұлы Бобровский совхозда дүниеге келген. Еңбек жолын ауыл шаруашылығы, әкімшілік және ветеринария салаларында атқарған. 2003–2006 жылдар аралығында Бобровка ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. «AMANAT» партиясымен ұсынылды.

 

Құставлетов Ерік Баянұлы тікелей сайлау нәтижесінде Томарлы ауылдық округінің әкімі болып  сайланған.  

Ерік Баянұлы Павлодар облысының Қызылту ауылында дүниеге келген. Сауда, агробизнес және білім беру салаларында еңбек еткен, 2013 жылдан бастап Фёдоровка ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді. «AMANAT» партиясымен ұсынылды.