
Есептен шығару куәлігімен дауыс беру
ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз
Дауыс беруге арналған бюллетень
Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарды тізімге енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған адамдарға (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас), сондай-ақ мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Мұны зейнет жасына дейін 10 күн қалғанда жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Егер алушы өтініш берген күні зейнет жасына толып қойған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-ға тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал азамат зейнетақы төлемін алуға зейнет жасына толғанға дейін, ертерек жүгінген болса, зейнет жасына толған күн – өтініш берілген күн болып есептеледі. Өткізіп алған уақыт үшін мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемі тағайындалмайтынын есте ұстаған жөн.
Сондай-ақ, бюджеттен зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін де уақытылы жүгіну маңызды, өйткені оларды тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ зейнетақы төлеміне өтініш бермеген тұлғалар бойынша Қор жыл сайын Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтардың жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің болуы тұрғысынан салыстырып тексеруді жүргізеді. Жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған жағдайда, БЖЗҚ алушыларға мемлекеттік корпорациямен жасасқан тиісті келісім шеңберінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ХҚКО-ға ұсынған банктік деректемелері бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру проактивті (өтінішсіз) қызметін көрсетеді.
Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz) немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.
БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады.
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасы басталғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Бұған қоса, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері белгіленген мүгедектік тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдарға да беріледі.
Жасы бойынша немесе мүгедектікке байланысты ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте онлайн-форматта беруге болады. Төлемдерді алу кестесін салымшы дербес белгілейді.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
enpf.kz сайтындағы "Қызметтер – Зейнетақы төлемдері – Кесте бойынша төлемдер" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды беру тәсіліне, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарға байланысты құжаттардың тізбесі, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.
«БЖЗҚ» АҚ қауіпсіздік және салымшыларға қатысты алаяқтықтың алдын алу мақсатында төмендегілерді еске салады:
БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер.
Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.
Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
2024 жылғы 1 ақпан мен 2026 жылғы 1 ақпан аралығында жалпы сомасы 35,20 млн АҚШ долларын (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды) құрайтын 223 785 өтініш орындалды.
Олардың ішінде:
- тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 22,09 млн АҚШ долларынан астам сомаға 139 759 өтініш орындалды;
- білім беру ақысын төлеу үшін 13,11 млн АҚШ доллары сомасына 84 026 өтініш.
Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыру (21,61 млн АҚШ доллары сомасына 136 490 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу – 164,71 мың АҚШ доллары сомасына 1 108 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 119,36 мың АҚШ доллары сомасына 819 өтініш.
Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (шамамен 12,15 млн АҚШ доллары сомасына 76 643 өтініш орындалды), білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (645,10 мыңнан астам АҚШ доллары сомасына 5 134 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (252,49 мың АҚШ доллары сомасына 1 827 өтініш орындалды).
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісінде білім алуға ақы төлеу мақсатында НЖ төлемдері туралы толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық әр балаға 130,71 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде кезекті есептеу жүргізілді.
18 жасқа толмаған балаларға жыл сайын Ұлттық қордан алынған сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялауды жалғастырады. Одан әрі инвестициялаудың арқасында жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.
Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы келесідей (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық табысты қоса алғанда):
- үшінші жыл қатысып отырған балада 370 доллар 56 цент;
- екінші жыл қатысып отырған балада 263 доллар 93 цент;
- бірінші жыл қатысқан балада 130 доллар 71 цент.
Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы дербес алуы тиіс, содан кейін АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін НЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін уәкілетті операторға жүгінуі тиіс.
Бүгінде уәкілетті оператор ретінде келесі банктер тіркелген:
- "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім беру бойынша),
- "Халық банкі" АҚ (білім беру бойынша),
- "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім беру бойынша).
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және кәмелетке толған нысаналы жинақтарды алушылар бойынша, сондай-ақ тұрғын үйге және (немесе) білімге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Бағдарламаның шарттарын зерделеуге, нұсқаулар, қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасында тақырып бойынша келесі бейне түсініктемелермен және нұсқаулықтармен танысуға болады:
"БЖЗҚ" АҚ Төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0
"БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауаптар:
https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk
https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk
«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc
https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA
https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша кәмелетке толған қазақстандықтардың жинақтарды қалай тексеруге болатыны туралы нұсқаулық:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, жеке кәсіпкерлерді және заңды тұлғаларды фитосанитариялық есептілікті белгіленген мерзімде уақтылы тапсыру қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау саласындағы міндеттер
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 14-5-бабына сәйкес мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар келесі міндеттерді орындауға міндетті:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу және зиянды әрі аса қауіпті зиянды организмдердің экономикалық зияндылық шегінен жоғары дамуы мен таралуына жол бермеу;
2) пестицидтердің айналымы саласындағы қауіпсіздік талаптарын техникалық регламенттерге сәйкес сақтау;
3) фитосанитариялық есеп жүргізу және уәкілетті орган ведомствосына есептілік ұсыну;
4) пестицидтерді тіркеу (шағын телімдік және өндірістік) сынақтарын белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізу;
5) пестицидтерді залалсыздандыруды қамтамасыз ету және арнайы қоймаларды (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстау;
6) лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын талаптарды сақтау;
7) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамаларын орындау;
7-1) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
8) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдем көрсету.
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес, фитосанитариялық есептілік мемлекеттік бақылаудың маңызды құралы болып табылады. Ол ауыл шаруашылығы алқаптарының, қойма объектілерінің және карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жағдайына мониторинг жүргізуге, сондай-ақ карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің таралуын уақтылы анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.
Есептілікті уақтылы тапсырмау, белгіленген мерзімдерді бұзу немесе жалған мәліметтер ұсыну қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау болып есептеледі және белгіленген тәртіппен жауапкершілікке әкеп соғады.
Фитосанитариялық есептілікті уақтылы және дұрыс тапсыру фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, өнімді сақтаудың және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың маңызды шарты болып табылады.
Осыған байланысты өсімдік шаруашылығы өнімін өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есептілікті белгіленген мерзімде уақтылы тапсыруға міндетті.
Есептілік мына мекенжай бойынша қабылданады:
Тереңкөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 234, Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы,
сондай-ақ электрондық пошта арқылы: akhmetov.a.@minagri.gov.kz
Анықтама үшін:
ГУ «Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі»
Байланыс телефондары:
жұмыс телефоны: 8 (71833) 24-7-28
ұялы телефон: 8 771 801 23 00
«ҚР АШМ АӨК МИК Тереңкөл аудандық
аумақтық инспекциясы» ММ
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.
01.01.2025ж. мен 31.12.2025ж. аралығында Қор халыққа халыққа 43,3 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 27,2 млн-ы электрондық форматта, 14,7 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 97,9%-ын құрады. Салымшыларға 928,7 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 904,5 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.
Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады.
Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,5 млн жетті.
Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 29,3 млн үзінді көшірме берілді. Оның 24,9 млн-ы – электрондық, ал 3,7 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 85,7 мың өтініш қабылданып, оның 82,9 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған.
2025 жылдың басынан бастап деректемелерді өзгертуге 132,9 мың өтініш қабылданды. Оның 124,3 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды.
БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 51,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 1,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 43,0 мың материал жарияланды.
Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 524,0 мың.
Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің қорытындысы бойынша 2025 жылы есептелген инвестициялық кіріс көлемі 1,77 трлн теңге болды. Валюта бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі жағдайында 2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 7,43% көрсетті.
Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды (мәселен, зейнетақы активтерінің 2024 жылғы инвестициялық кірістілігі – 17,96%). Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.
2025 жылы кірістілік деңгейіне әсер еткен негізгі факторлардың бірі – теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюына байланысты теріс бағамдық қайта бағалау. Бұл ретте зейнетақы активтерінің құрылымындағы 41% үлес шетел валюталарында номиналданған қаржы құралдарына жасалған инвестицияларға тиесілі.
Қазақстанда 2025 жылы қалыптасқан кірістілік көрсеткішін әлемдегі кірістілік көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, Willis Towers Watson[1] халықаралық талдау агенттігінің деректері бойынша 12 айдағы ең ірі зейнетақы нарықтарының номиналды кірістілігі (01.10.2025 жылғы жағдай бойынша) мынадай: Еуроаймақ – 4,7%, Ұлыбритания – 4,1%, Швейцария – 3,4%, Канада – 9,2%, АҚШ – 10,9%, Жапония-3,3%.
Орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өспелі жиынтықпен 1 060,17% болды, ал бүкіл кезең ішіндегі инфляция 941,90%.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2014 жылдан бері (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған таза инвестициялық кіріс 10,43 трлн теңгені құрады. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жасалған төлемдер есебімен 41,4%-ға тең, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңыздылығын көрсетсе керек.
Сондай-ақ, салымшылардың өз зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруына аударуға құқығы бар.
ҚР Ұлттық банкінің зейнетақы активтерін ұзақ мерзімді кезеңде сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған неғұрлым консервативті басқару тәсілімен салыстырсақ, ИПБ-лардың инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру мақсатындағы (бұл ретте ИПБ-дағы тәуекелдер де жоғары) неғұрлым кең инвестициялық мүмкіндіктерді көздейді.
Қазақстанда ҚРҰБ басқаруындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.
[1] Global Pension Finance Watch – 3rd quarter 2025, WTW