2025 жылғы 26 қазанда №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тереңкөл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 26 қазанда № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тереңкөл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1169 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 621 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 адам қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тереңкөл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
М.Е. Базарбаев үшін сайлаушылардың 417 дауысы берілді,
А.Т. Рыспаев үшін сайлаушылардың 69 дауысы берілді,
А.Е. Салинов үшін сайлаушылардың 81 дауысы берілді,
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 39.
Сайлау қорытындылары бойынша № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тереңкөл аудандық мәслихатының депутаты болып Базарбаев Мұрат Ералыұлы сайланды, ол 1989 жылы туған, «Нур Кам Логистик» ЖШС директоры, Тереңкөл ауылының тұрғыны.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы