Тереңкөл аудандық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеу барысы туралы хабарлама
(2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)
2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де Тереңкөл аудандық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 – саяси партиясымен, 2 - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 3 – ер адам.
1 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшесі болып табылады, 2 – партиялық емес.
Орташа жас – 36 жасты құрайды.
3 кандидаттың жоғары білімі бар, барлығы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, ол 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы