Көлік салығы: қашан және қанша төлеу қажет?
2023 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2024 жылғы сәуірдің бірінен кешіктірмей төлеу керек екендігін еске салады.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web – порталда «e-Salyg Azamat» мобильді қосымшасында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады.
Сонымен бірге, 2024 жылдың 15 наурызынан кейін салық органдары есептелген көлік құралдарына салынатын салық сомалары «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұдан басқа, бұл ақпарат kgd.gov.kz web – порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyg Azamat» және екінші деңгейдегі банктер «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ қосымшаларында орналастырлатын болады.