Қазақстанда Бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Мегаполистер мен бірқатар облыстар 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақытты 1 сағатқа кейін шегеруі керек. «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді.
Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуін қолдану белгіленеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылатын болады», – делінген сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтында.
Өзгерістерге сәйкес Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1наурызға қараған түні (00:00-де) жергілікті тұрғындарға уақытты 1 сағатқа кейін шегеруі керек. Қаулы ресми жариялануға тиіс және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.