Атауын өзгерту

Атауын өзгерту

 Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      Павлодар қаласының "Ленин" кенті "Атамекен" кентіне;

      Железин ауданынының "Озерное" ауылдық округі "Майлы" ауылдық округіне және "Озерное" ауылы "Майлы" ауылына;

      Тереңкөл ауданының "Бобровка" ауылдық округі "Жаңабет" ауылдық округіне;

      "Федоровка" ауылдық округі "Томарлы" ауылдық округіне және "Федоровка" ауылы "Томарлы" ауылына;

      "Верненка" ауылдық округі "Алтай" ауылдық округіне және "Львовка" ауылы "Алтай" ауылына;

      "Воскресенка" ауылдық округі "Әулиеағаш" ауылдық округіне және "Воскресенка" ауылы "Әулиеағаш" ауылына;

      "Березовка" ауылы "Аққайың" ауылына және "Трофимовка" ауылы "Қоржынкөл" ауылына қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.