Мерейлі отбасы» байқауын өткізу туралы ақпарат
2024 жылдың 17 сәуір мен 17 мамыр аралығында «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады.
Байқауға қатысу үшін Тереңкөл ауданы елді-мекендерінің аумағында тұратын, одан өзге отбасының бірнеше ұрпағы болып табылатын, оның ішінде спорттан, өнерден, зияткерлік, ғылыми жетістіктері болғаны абзал, сонымен қатар қоғамдық-маңызды жұмыстарға (еріктілер қозғалысы, қайырымдылық қызмет, жебеушілік, тәлімгерлік) қатысушылар болып табылатын отбасылы жұптар шақырылады.
Байқауға төмендегідей отбасылар қатыса алмайды:
- Бұрын соңды сотталған;
- Республикасы аумағында қызметіне тыйым салынған ұйымдарға кіретін (кірген) отбасылардың өкілдері;
- «Мерейлі отбасы» аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың өткен жылғы лауреаттары.
Сайыс өтінімін, отбасылық бейнеролик-презентациясын, фотоальбомды және қажетті құжаттарды 2024 жылдың 17 мамырға дейін politika.13@mail.ru электронды поштасына, сонымен қатар әдейі Тереңкөл а., Елгин көш., 172 мекен-жайына, «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не әкелу қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 71833 21171 нөмірі бойынша хабарласуға болады.