Жыл сайын жаңа жылдық мерекелер қарсаңында орман қорғау мекемелері қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізеді.

Жыл сайын жаңа жылдық мерекелер қарсаңында орман қорғау мекемелері қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізеді.

Мәселен, 1 желтоқсаннан бастап 20-дан астам мобильді топ және 5-ке жуық бақылау бекеттері жұмыс істейтін болады.
Құқық қорғау органдарының қатысуымен ай бойы тұрақты кезекшілік және патрульдеу жүргізілетін болады.

Айта кету керек, заңда жаңа жылдық кезеңде қылқан жапырақты жас ағаштарды жою және зақымдау үшін жауапкершілік қарастырылған – 1 бірлік үшін 15 АЕК.
100 АЕК-тен астам зиян келтірілген жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Барлығын Орман заңнамасын бұзбауға, сондай-ақ куәгер бола отырып, төменде көрсетілген нөмірлер бойынша тиісті мемлекеттік құрылымдарға хабарлауға шақырамыз.

Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы – 32 36 97.
Аумақтық орман шаруашылығы инспекциясы – 60 79 01.
Полиция – 102.